» » Дәрігерлер: Планшет баланы әлжуаз қылады

Дәрігерлер: Планшет баланы әлжуаз қылады

Дәрігерлер: Планшет баланы әлжуаз қыладыҰлыбританияда әлжуаз балалар көбейіп барады. Көбі қолына қарындаш ұстай алмайды. 
Жалпы, британиялық балалар жазуды 4 жасынан үйренеді. Алайда, соңғы кезде бұл қиындаған. Себебі, ғалымдардың айтуынша, бұған электрондық жабдықтар, соның ішінде планшеттер әсер етіп отыр,- деп хабарлады ҚазАқпарат rosbalt.ru және MED Daily порталына сілтеме жасап. 

Қазіргі балалар гаджеттерді тым ерте пайдалана бастады. Жуырда өткізілген сауалдың деректерінде көпшілігі 2 жастан-ақ электрондық жабдықтарды пайдалана бастағаны көрсетілді. Сауалнамаға қатысқан ата-аналар айтқандай: 1 жасқа толмаған балалардың 52% теледидар көрген, 36% гаджеттердің экрандарына қол тигізген, 24% біреуге қоңырау шалса, 15% қосымшаларды пайдаланған және 12% видеоойындарды ойнады.
Ұлыбритания мектептерінде осал балалар пайда болғандықтан, спорттық лагерьлер ашылды. Онда қолдың күшін нығайтуға назар аударады. Мамандар балалардың дене қимылынан тұратын ойындары мен спортпен шұғылдануын гаджетпен алмастыруға жол бермеу керектігін айтады.



Пікір: 0
Пікір қосу