» » Канада ауруханаларындағы дәрігерлерге роботтар көмектеседі

Канада ауруханаларындағы дәрігерлерге роботтар көмектеседі

Канада ауруханаларындағы дәрігерлерге роботтар көмектеседіБолашақта медбикелер жұмыссыз қалып жатса, таң қалмаңыз. Канаданың Торонто қаласында робот-медбикелер жұмыс істейтін аурухана ашылды. Олардың бағдарламаларына тамақ әкелу, дәрі-дәрмек үлестіру, дәрігерлердің нұсқауы арқылы емделушілердің қанша мөлшерде дәрі қабылдайтынын есептеу енгізілген,-деп жазады 24.kz
Сондай-ақ роботтар рентген-кабинеттерде де жұмыс істейді. Емхана заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. 350 орынның әрқайсысында планшеттер бар. Ол арқылы емделушілер ауруларының тарихын біледі, бөлменің температурасын реттейді, қоңырау шалып, кітап та оқи алады. Ауруханада сандық басқару жүйесі арқылы барлық дәрілердің сақталу мерзімі тексеріліп отырады. 4 жыл бойы салынған емхана құрылысына 1 миллиард 800 миллион қаражат жұмсалды.



Пікір: 0
Пікір қосу