Бірақ жергілікті азаматтық құқық органдары баланың мүддесін қорғау үшін ата-ана таңдаған есімді қойғызбауға құзіретті. Ханзада Уильям және Мини Купер есімдері «балаларды мазаққа қалдырады» деген қорытынды жасалып, рұқсат етілмеді. Бірақ осыған дейін мұндағы сәбилерге Тарзан, Маугли есімдері берілген екен. Жалпы Францияда балаларға әдеттегіден тыс ат қоюға сонау 90-жылдардан бері рұқсат. Бірақ сол кезден бері жергілікті билік тосын болып көрінген есімдерді қойдыртпау мақсатында отбасылар өміріне бірнеше рет араласқан, деп жазады gazeta.ru. Ал Қазақстанда балаға ат қою мәселесі ғалымдарды толғандырып кетті. Себебі Ақтөбе облысында соңғы жылдары Ёлка, Таёта, Студент есімдері берілген. Осы ретте профессор Алтай Тайжанов жаңа туылған сәбиге ат қоймас бұрын отбасыларды қазақ халқының салт-дәстүрін, тек өзімізге ғана тән әдет-ғұрыптар мен себеп-салдарды ескеруге, құрметтеуге шақырды.
- 16 қазан 2015 ж.
- 65
Франция: сәбиге Ханзада Уильям есімін қоюға рұқсат етілмеді