» » Тараз қаласындағы жаңа терминал қазан айының басында пайдалануға беріледі

Тараз қаласындағы жаңа терминал қазан айының басында пайдалануға беріледі

  Тараз. Zhambylnews - Бүгінде Жамбыл облысындағы жаңа терминалдың барлық құрылыс жұмыстары аяқталды десе де болады. Жаңа әуежай ағымдағы жылы қазан айының басында пайдалануға беріледі.
         Естеріңізге сала кетейік, әуежай ғимараты мен аванперрон ҚР-ның құрылыс нормасы мен ережесіне сай, ғимарат заманауи технологиялық  және тексеріс құралдарымен жабдықталады. Онда 2 телескопиялық басқыш, сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алатын  7 тіркеу орны, жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған  4 жеделсаты  орнатылады, сондай-ақ,  мүгедектерге қызмет көрсетуге жағдай жасалады.
         Жаңа ұшу-қону жолағының   құрылысы  2013 жылдың мамыр айынан  басталған болатын. Жолақтың ұзындығы  3500 метр болса,  ені 60 метр,  бұл Boeing, Airbus  және т.б. ауыр әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.  Бұл енді Тараз қаласынан континенттің  ірі қалаларына  тікелей ұшуға  ешқандай техникалық кедергілер болмайды дегенді білдіреді. 
         Терминалды жаңғырту жұмыстары аяқталған соң Тараздан  Мәскеу, Ақтау, Атырауға тікелей,  Анталия мен Дубайға чартерлік туристік бағыттар ашылады деп жосарлануда.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу