» » Қазақстандық 3,5 мың оқушы алма жеуден рекорд жасады

Қазақстандық 3,5 мың оқушы алма жеуден рекорд жасады

Қазақстандық  3,5 мың оқушы алма жеуден рекорд жасадыҚазақстандық Рекордтар кітабында жаңа жазба пайда болды. Еліміздің әр өңірінен жиналған мектеп оқушылары мен балалар үйлерінің тәрбиешілері бір уақытта 3 мың алма жеп, рекорд жасады,-деп хабарлайды Bnews.kz.  
Алматыда балаларға арнап өткізілген «Аман Келешек» атты II инклюзивті мәдени-спорттық фестивалінде 3,5 мың бала бас қосты. Жас қазақстандықтар футбол, шығыс жекпе-жегі сынды сайыстарда өз өнерлерін ортаға салды, сондай-ақ құмырашылық ісінде, шахмат ойнауда шығармашылық шеберліктерін шыңдау сағаттарына қатысты.
«Гаджеттер мен компьютерлік ойындар дамыған заманда балалар көшеге шығып, дене қимылымен айналысудан қалып барады. Осы тұрғыдан алғанда, «Аман Келешек» фестивалінің маңызы зор. Бүгін балалар жаңа істермен айналысып қана қоймай, өзге қалалардан жиналған қатарластарымен танысуға мүмкіндік алды. Біз олардың бойында жаңа қырларын ашуға көмек бердік деп ойлаймын», - дейді жиынның құрметті қонағы әйгілі боксшы Ермахан Ыбырайымов.



Пікір: 0
Пікір қосу