» » Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында қоғамдағы белсенді әйелдер марапатталды

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында қоғамдағы белсенді әйелдер марапатталды

Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында қоғамдағы белсенді әйелдер салтанатты түрде марапатталды, деп жазады 24.kz
«Көшбасшылығы мен жетекшілігі үшін», «Бала тәрбиесіндегі ең үздік қызметкер», «Ауылды дамытуға қосқан үлесі үшін» сынды бес номинация бойынша өздерін үздік көрсеткен әйелдер мақтау қағаздарына ие болды. Мәселен, Семей қаласынан келген Гүльфану Тұрубаеваның мейірімді ісі көпке үлгі. 30 жылға жуық ұстаз болған ол кейіннен кәсіпкерлікпен айналысқан. Енді қаладағы жалғызбасты қарттар мен сырқат балаларға қамқорлық көрсетіп келеді. Еңбегі еленген ана «Мейірімді жүрек» аталымы бойынша марапатталды. Гүлфану Тұрубаева, «Мейірімді жүрек» номинациясының иегері: - Президенттің арқасында біз, әйелдер, өзімізді қызметте көрсетіп, бала-шағамызды тәрбиелеп, осындай дәрежеге жеттік деп ойлаймын. Ананың жүрегі жылы, ананың жүрегі кешірімді, ананың жүрегі қашан да нәзік болуы керек.

Пікір: 0
Пікір қосу