Оған 80 елден 750 өкіл жиналды. Олардың дені – саяси, іскер, қоғамдық және ғылыми ортаның белсенділері. Талқыланған негізгі тақырып – отбасы және ана мен баланы қорғау. Сондай-ақ қаржы дағдарысына төтеп беру, мемлекетаралық кикілжіңдерді шешу сынды ауқымды мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Гүлшара Әбдіқалықова әйелдерді әлеуметтік қорғау және құқығын сақтаудағы Қазақстанның жетістіктерін тізіп, баяндама жасады. Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы: - Жұмыс істейтін әйелдер саны жағынан 2014 жылы Қазақстан 25-орынға табан тіреді. Мемлекеттік қызметкерлердің 55%-ы – нәзікжандылар. Атқарушы органдардағы әйел жетекшілердің саны соңғы 10 жылда екі есеге өскен. Мемлекеттік хатшы Астана экономикалық форумының алаңында Еуразиялық әйелдер клубын құруды ұсынды. Петербургте Гүлшара Әбдіқалықова Ресейдегі әріптестерімен, соның ішінде Кеңес Федерациясының спикері Валентина Матвиенкомен және Ресей үкіметі премьерінің орынбасары Ольга Голодецпен екіжақты кездесулер өткізбек.
- 25 қыркүйек 2015 ж.
- 112
Г.Әбдіқалықова Еуразиялық әйелдер клубын құруды ұсынды