» » Жамбыл облысында мал ұрлығы дендеп барады

Жамбыл облысында мал ұрлығы дендеп барады

Жамбыл облысында мал ұрлығы өршіп тұр. Тек Талас ауданының өзінде соңғы 10 айда осындай 80 қылмыс тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 56,9%-ға көп,-де жазады 24.kz. 
Ал қылмыстық деректердің ашылуы 24,5%-ды ғана құрап отыр. Ең сорақысы, аудандық полицейлер көрсеткішті азайту үшін кейбір қылмыстарды есептен жасырған. Жыл басынан бері осындай 6 дерек тіркелді. Барлығы мал ұрлығына қатысты. Бұл туралы аудандық прокуратура қызметкерлері халықпен кездесу жиындары кезінде анықтаған. Думан Алдабергенов, Талас ауданы прокурорының орынбасары: - Қылмыстық істердің біреуі бойынша Талас аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция уәкілі қазіргі таңда өз кінәсін мойындап, сотқа жолданып, сот үкімімен сотты болған. Қалған үш полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.



Пікір: 0
Пікір қосу