
Ойынның 28-ші минутында бірінші болып «Астана» шабуылшысы Патрик Твумаси гол соғып, алаң иелерін алға шығарды. 1-ші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Ал 2-ші таймда алматылық «Қайрат» «Астана» қақпасына 2 бірдей гол соғып, керемет ойын көрсетті. Айта кетейік, жеңіске жеткізген 2 голдың да авторы – Джордже Деспотович. Жалпы «Қайрат» командасы осымен ҚР Кубогын 7-ші рет жеңіп отыр.