» » «Қайрат» Қазақстан Республикасы Кубогоның иегері атанды

«Қайрат» Қазақстан Республикасы Кубогоның иегері атанды

«Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Кубогының финалы өтті. Маусымның соңғы матчында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездескен болатын. Тартысты өткен кездесуде «Қайрат» командасы жеңіске жетті,-деп жазады khabar.kz
Ойынның 28-ші минутында бірінші болып «Астана» шабуылшысы Патрик Твумаси гол соғып, алаң иелерін алға шығарды.  1-ші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Ал 2-ші таймда алматылық «Қайрат» «Астана» қақпасына 2 бірдей гол соғып, керемет ойын көрсетті.  Айта кетейік, жеңіске жеткізген 2 голдың да авторы – Джордже Деспотович. Жалпы «Қайрат» командасы осымен ҚР Кубогын 7-ші рет жеңіп отыр.



Пікір: 0
Пікір қосу