» » Жастық шақты еске салатын иіссу

Жастық шақты еске салатын иіссу

Жастық шақты еске салатын иіссуБританиялық супермодель Наоми Кэмпбелл Private жұпар иісін көпшілік назарына ұсынды. «Қара пантера» бұл иіссуды өзінің жастық шағы мен мансабының бастапқы кезеңінің құрметіне арнады,-деп хабарлайды 24.kz Buro 24/7 және lenta.ru сайттарына сүйеніп.
Жұпар иіс құтысының пішіні оның осыған дейін шығарған иіссуларынікімен бірдей (Wild Pearl, Winter Kiss, At Night, Queen of Gold және т.б.). Private парфюмін жаққан адам мандарин, алмұрт, шабдалы, сондай-ақ ваниль мен мускустың араласқан үйлесімді иісін сезіне алады.  Наоми Кэмпбелл 15 жасынан бастап подиумға шыққан сәнбике. Ол Vogue және Time журналдарының cыртқы беттеріне суреті шыққан алғашқы афроамерикалық модель болып табылады. 



Пікір: 0
Пікір қосу