» » Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

24 мен 28 қыркүйек аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері алдағы мерекелерге байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«24 мен 28 қыркүйек аралығында «Құрбан айт» мерекесін мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады. Одан кейін мерекелер Қытайда басталады, шекараның қанша күнге жабылатыны туралы ресми ақпарат бізге әзірге келіп түскен жоқ», - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен. 
Айта кетсек, Аспан асты елінде қытайлықтардың ұлттық мерекесі – «Күз ортасын» атап өту жоспарланып отыр. 
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та алдағы мерекелерге байланысты қырғыз-қытай шекарасының да жабылатыны хабарланған болатын.

Пікір: 0
Пікір қосу