» » Головкин-Лемье жекпе-жегіне барлық билеттер сатылып кетті

Головкин-Лемье жекпе-жегіне барлық билеттер сатылып кетті

Головкин-Лемье жекпе-жегіне барлық билеттер сатылып кеттіҚазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) жекпе-жегіне билеттер түгелдей сатылып кетті. Бұл туралы 24.kz Vesti.kz сайтына сүйеніп хабарлайды.
Геннадий Головкин мен Дэвид Лемьенің жекпе-жегі әйгілі Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бұл бәйгенің бәсі қомақты. Жеңген боксшы 4 бірдей белбеудің иегері атанады. Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Лемье арасындағы жекпе-жекті 17 қазан күні HBO каналының тікелей эфирінен көруге болады. PPV трансляциясының құны 49,95 АҚШ долларын құрайды. Кәсіби рингте Головкин 33 жекпе-жектің 33-інде үстем шығып, оның 30-ы нокаутпен аяқталды. Бұдан басқа қазақстандық спортшы 20 жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Жақында боксшылар жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Оның қорытындысын мына материалдан көре аласыздар.

Пікір: 0
Пікір қосу