» » Головкин – Лемье жекпе-жегіне билеттер 12 тамыздан сатыла бастайды

Головкин – Лемье жекпе-жегіне билеттер 12 тамыздан сатыла бастайды

Головкин – Лемье жекпе-жегіне билеттер 12 тамыздан сатыла бастайдыҚазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен IBF чемпионы канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) арасында өтетін жекпе-жекке билеттер 12 тамыздан сатыла бастайды,-деп хабарлайды Bnews.kz.
Билетті Ticketmaster (Ticketmaster.com) желілері мен Madison Square Garden (thegarden.com) кассаларынан алуға болады. Ең арзан билеттің құны – 50 доллар, ал ең қымбаты – 500 доллар тұрады.
17 қазанға жоспарланған жекпе-жек ақылы трансляция жүйесі арқылы (PPV) HBO арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Ал қазақстандықтар отандасымыздың өнерін 18 қазан күні «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алады.
Айта кету керек, Головкин PPV-де өнер көрсететін ТМД мемлекеттері арасынан шыққан үшінші боксшы болмақ. Қазақстандық боксшы бүгінге дейін кәсіби карьерасында 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (30 КО), ал оның қарсыласы Давид Лемье 36 рет шаршы алаңға шығып, 34-інде жеңген (31 КО), екеуінде жеңілген.

Пікір: 0
Пікір қосу