Жиын кезінде отандасымыз өз жанкүйерлеріне қызықты да тартысты жекпе-жек көрсетуге тырысатынын айтты.
«Мен Давидті құрметтеймін, маған оның стилі ұнайды. Ол өте қауіпті боксшы, сондықтан да бұл жекпе-жек өте тартысты болады деп ойлаймын. Сіздерге керемет шоу сыйлаймыз деп сендіремін», - дейді Головкин.
Естеріңізге саламыз, боксшылар арасындағы кездесу 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Жекпе-жек ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы HBO арнасында көрсетіледі. Ал қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алады. Айта кету керек, қос боксшы да PPV-де алғаш рет сынға түскелі жатыр.



