Тараз. Zhambylnews - Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында құрылыстық жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 46839 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% кеміді. Бұл туралы Жамбыл облыстық Статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.Құрылыс жұмыстары көлемі Талас ауданында "Еврохим-Удобрение” ЖШС-нің, Сарысу ауданында электрмен жабдықтау және жол құрылысы жұмыстарының, Т.Рысқұлов ауданында ”Қазақстан-Қытай” магистралды газ құбырлары құрылысының жүргізілуіне байланысты өсті.
Тараз қаласында 12661,8 млн.теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. Нақты көлем индексі 2014 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 20,2% кеміді.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2014 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 7,4%-ға, күрделі жөндеу жұмыстары 27,8%-ға кеміді, ағымдағы жөндеу жұмыстары 63,2%-ға өсті.
Құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша жалпы көлемнің басым бөлігі инженерлік ғимараттар құрылысының (44,8%) үлесіне тиді.
Пайдалану бағыттары бойынша құрылыс жұмыстарының басым бөлігін (26302,3 млн. теңге) көлік және қоймалау бойынша объектілер құрады.
«ZhambylNews» АА


