Жиында Меркі аудандық сотының төреағасы Абай Дауренбеков баяндама жасады. Ол өз сөзінде : «100 нақты қадам» - бұл дамыған отыз елдің қатарына кіруге жаңа тарихи жағдайдағы ұлттың жоспары және ғаламдық ішкі тартысқа жауап, жасалған жоспардың басты мақсаты-қоғамда және мемлекетке түбегейлі қайта жаңғырту жасап, «жүйелік науқастың сыртқы белгілерін сылап сипап жазып қою емес, емдеу» екенін айтты. Аталған жоспардың бір қадамы болып табылатын сот жүйесіне де аз көңіл бөлінбеген. Соның ішінде азаматтардың сот төрелігіне жүгінуде жеңілдетілген қолжетімділік, сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру, атап айтқанда, бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайталама қадағалау) үшінші деңгейлікке (бірінші, апелляциялық, кассациялық) ауысу. Судья тындаушылар назарына осы бағдарлама және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының хатының облыс соттарымен талқылағандығы айтылды. Елбасы тапсырысын орындау жолында тиісті жұмыс тобымен және Ұлттық модернизациялау комиссиясы, мүдделі органдарымен сот жүйесін нығайтудың мәселелері жан-жақты қаралып жатыр.
Тұтастай алғанда, аталған реформаны іске асыру жеке меншік құқыққа кепілдік беріп, кәсіпкерлік әрекеттерге жағдай жасап, шарттық міндеттемелердің қорғалуына кепілдік береді.
Дөңгелек үстел барысында судья барлық сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасып, қатысушыларға белсенді қатысқандарына алғысын білдірді.
«ZhambylNews» АА


