» » Ғалымдар ауа райының адам көңіл-күйіне тигізер әсерін анықтады

Ғалымдар ауа райының адам көңіл-күйіне тигізер әсерін анықтады

АҚШ ғылымдары зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ауа райының адам көңіл-күйіне әсерін анықтады. Бұл туралы The Washington Post мәлімдеді,-деп жазады 24.kz
Патрик Бейлис есімді ғалым Twitter әлеуметтік желісіндегі миллиондаған жазбаны зерттеп, бір байламға келді. Анықталғандай, температура 10 градустан төмен болса, адамдардың көңіл-күйі босаңсып, есеңгіреп қалатын көрінеді. Бір қызығы, аптап ыстық та азаматтардың еңсесін түсіреді-мыс. Ғалымның мәліметіне сүйенсек, күн ысып кетсе, шағым түрінде жазылатын хабарламалар саны көп болады. «Ал аязды күндері тұрғындардың хабарлама жазуға мұршасы болмайды», - деп түсіндірді маман.

Пікір: 0
Пікір қосу