
Зерттеушілер әр түрлі әлеуметтік топқа кіретін 850 әйелден тест алған. Әр сұраққа үш жауаптың бірін таңдаған нәзік жандылар бақытының болмашы дүниелерге байланысты екенін байқатқан. Мәселен келіншектердің дені қуаныштың басты себебі ретінде арықтағаны туралы хабар алуды келтірген.
Зерттеушілер әйелдерге салмақ тастап, дене бітімі "мінсіз бола түскенін” есту шексіз қуаныш әкелгеннен бөлек, өзіне деген сенімділік сыйлайтынына көз жеткізген.
Әйелдерді бақытты қылатын екінші себеп – дүкен аралау, киім-кешек сатып алу екен. Барлық дерлік нәзік жандылар жаңа киім алу оларды айтарлықтай марқайтатынымен келіскен.
Бақытты болу себептерінің үштігін гүлдер тұйықтады. Сүйіктісінен еш себепсіз гүл шоқтарын алу – әйелдердің көңіл күйін екі есе көтеретін болып шықты.
Одан бөлек нәзік жандыларды үйге тағам әкелуге тапсырыс, түскі аста вино ішу мүмкіндігі сияқты дүниелер қуантатыны анықталған.
Айта кетерлігі, бұған дейін Жаңа Зеландия ғалымдары жүргізген зерттеулер әйелдердің бақыты сөзталаста жеңіп, өз дегенін істеттіруге байланысты деген тұжырым шығарған.