» » Қазақстан тұрғындары бақыт туралы бейнеролик түсірді (ВИДЕО)

Қазақстан тұрғындары бақыт туралы бейнеролик түсірді (ВИДЕО)

Қазақстан тұрғындары бақыт туралы бейнеролик түсірді (ВИДЕО)«Қазақстандықтар бақыт туралы» атты республикалық бейнеролик жобасына жүздеген адам қатысып, өздерінің пікірлерімен бөлісті. Жоба Kassa Nova банкінің қолдауымен жүзеге асырылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат
Қазақстандағы бақыт туралы түсініктің саны қырын паш ететін идея 2015 жылдың тамыз айында дүниеге келген болатын. Сол кезде әлеуметтік желілер мен медиа кеңістікті теріс сипаттағы пікірлер жаулап алған еді. Батыста «біздің өміріміздің мақсаты - бақытты болу» ұранына негізделген «positive thinking» табыс тұжырымдамасы кеңінен танымал екендігі белгілі. 
Адамдардың бақыт жайындағы пікірін білуге бағытталған республикалық ауқымдағы шара байқау түрінде жүргізілді. Оның шартына сәйкес, кез келген қазақстандыққа бақыт жайында қысқаша бейнеролик түсіріп, оны өздерінің әлеуметтік желілерінде #бақыт хэштэгімен жариялау ұсынылды.
Ең бірегей әрі қызықты 10 ролик иелері қаржылай сыйақы алып, олардың туындылары «Қазақстандықтар бақыт туралы» ақтық бейнеролигіне енгізілді. 
Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген «Қазақстандықтар бақыт туралы» жобасына 4000-ға жуық адам қатысты. Байқауға екі жүзден астам өтінім жіберіліп, оның 183-і жобаға енгізілді. 
«Шығармашылық топ еліміздің барлық өңіріндегі отандастарымыздың шынайылығына таң қалды. Адамдар өздерінің бақыт жайындағы ойларын білдіре келе, парашюттан секірді, ән салып, би биледі, жұмыс жасады, тосын қылықтар көрсетті», - деді режиссер Дмитрий Щеголихин.
Жоба жеңімпаздарының алғашқы ондығы 50 мың теңгеден, ал одан кейінгілер 20 мың теңгеден сыйақы алды. Айта кетерлігі, роликтің саундтрегі - қазақтың халық әні «Япырай-ай»-ды Ксения Сухомазова орындады.


Пікір: 0
Пікір қосу