» » Денсаулық туралы қызықты деректер #2

Денсаулық туралы қызықты деректер #2

1. Адам көрген түстерінің 90 пайызын ұмытып қалады,-деп жазады massaget.kz.
2. Күзбен салыстырғанда, көктемде тыныс алу жиілігі үштен бір есе жиірек.
3. Адам тәніндегі жылудың 80 пайызы бастан шығады.
4. 4 жасар бала күніне орта есеппен 450 сұрақ қояды.
5. Дене салмағының 1 пайызына тең су жоғалтқанда, адамда шөлдеу сезімі пайда болады. Бұл көрсеткіш 5 пайыздан асса, талып қалуы, ал 10 пайыздан асса, өліп қалуы мүмкін.
6. Сіз қызарған кезде асқазаныңыз да қызарады.
7. Адам — шалқасынан жатып ұйықтайтын жалғыз тіршілік иесі.
8. Сүйісу кезінде бір адамнан екінші адамға 278 бактерия беріледі. Бір қуанарлығы, олардың 95 пайызы қауіпсіз.
9. 3 айдан асқан соң ұрықта саусақ таңбалары пайда болады.
10. Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан артық.
11. Адамдардың шамамен үштен екі бөлігі сүйіскен кезде бастарын оң жаққа қисайтады.
12. Солақайлармен салыстырғанда, оңақайлар 6 жыл ұзақ өмір сүреді.
13. Еркектермен салыстырғанда, әйелдердің жүрегі жылдам қағады. 



Пікір: 0
Пікір қосу