» » Сыбайлас жемқорлықпен күресу жастардың ұранына айналды

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жастардың ұранына айналды

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жастардың ұранына айналдыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттерімен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді. 
Кездесу барысында жастар жалпы құқық бұзушылыққа қарсы өз пікірлері мен көзқарастарын білдіріп, жемқорлықтың түрлі көріністерін атап, оның алдын алу мәселелерін жан-жақты талқылады. 
Қорыта келгенде, бұл кеселмен күресу үшін азаматтар «адалдық» принципін ұстану қажеттігі айтылып, болашақта колледж жастары оны іске асырудың технологиясын ұсынатын болады.  
Кездесу соңында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Пікір: 0
Пікір қосу