Алтын жерден 500 метр тереңдікте өндіріледі. Жылына 400 мың тонна руда Ресейдің Урал зауытына жөнелтіледі. Сол жақта таза алтын бөлініп алынады. Аймақта алтын 60 жыл бұрын табылған. Кеңес Одағының тұсында ашық әдіспен өндірілсе, 2003 жылдан бері жер астынан қазылады. Компания басшыларының айтуынша, әлі біраз жылға жететін қор бар. 85 мың тонна таза алтынды өндіру үшін тау-кен байыту кешенін тұрғызу жоспарда. Сол кезде шикізатты жергілікті жерде өңдейтін болады. Кәсіпорын жұмысшылардың жағдайын жасап қойған. Жатаханада асхана, жатын орын, бәрі бар. Юрий Тон, «Юбилейное» ЖШС бас директоры: - Біздің кәсіпорында 800 адам еңбек етеді. Әлеуметтік дамуға көп көңіл бөлеміз. Сырттан келген жұмысшыларға бар жағдай жасалған. 260 орындық асхана салып, оны қажетті қондырғылармен жабдықтадық. Жатын орын, тамақ тегін. Алтын өндіріп отырған серіктестік Алтынды ауылына балабақша салып берді. Бүгінде 56 бүлдіршін мектепке дейінгі білім мен тәрбие алып отыр. 130 үйі бар шағын мекеннің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлетін кәсіпорын электр сымы үзілсе жалғап береді, ғимараттар ескірсе, жөндеп береді. Нұргүл Жұмашева, «Балапан» балабақшасының меңгерушісі: - Бұрын-соңды ауылда балабақша болмаған. Ауылдың ата-аналары бұл бақшаның ашылғанына өте қуанышты болды. Бәрі балаларын әкеліп жатыр. Ауылда болашақта бизнес-инкубатор ашып, кәсіпкерлікті дамыту жоспарда. Алтынның үстінде отырған ауыл халқының ендігі қажеттілігі – көгілдір отын.
- 28 қазан 2015 ж.
- 135
Әлеуметтік жауапкершіліктен жалтармаған компания ауылға балабақша салып берді