» » «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды қабылдау жүргізілді

«Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды қабылдау жүргізілді

Тараз. Zhambylnews – Сарысу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Нұр отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді» атты акция аясында азаматтарды бірыңғай  қабылдау өтті.
Акцияға партия аудандық филиалының бірінші орынбасары Қ. Аукенов, Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры М. Бралиев, Әділет басқармасының бас маманы М. Шәріпбековтер қатысты. 
Шараға қатысқан азаматтардың талап-тілектері бойынша тиісті сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Сонымен қатар Қ. Аукенов Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөнінде 100 нақты қадам бағдарламасындағы  1 терезе қағидаты туралы түсіндіріп өтті.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу