» » Еліміздің басым аймақтарында күн жылынбақ

Еліміздің басым аймақтарында күн жылынбақ

Еліміздің басым аймақтарында күн жылынбақКеше Астанада күннің көзі жылынып, жайма-шуақ орнады. Синоптиктердің айтуынша, бүгін еліміздің орталық бөлігі ғана емес, солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарында да күн жылынады,-деп жазады 24.kz.
Бұған батыстан келген жылы циклон себеп. Республиканың солтүстік аймақтарында күн 13 градусқа дейін жылиды. Оңтүстік өңірлерде 23 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ал батыста керісінше ауа температурасы төмендейді дейді мамандар. Алуа Саханова, «Қазгидромет» инженер-синоптигі: - Батыс өңірден біртіндеп жылжитын циклонның әсерінен республика бойынша біз жауын-шашын күтеміз. Сондай-ақ желдің күшеуі бар. Ауа температурасының аздаған жоғарлауы күтіледі.

Пікір: 0
Пікір қосу