» » Болашақ дәрігерлер адамның ішкі құрылысымен виртуалды түрде таныса алады

Болашақ дәрігерлер адамның ішкі құрылысымен виртуалды түрде таныса алады

Қарағандыда білім алып жатқан болашақ дәрігерлер адамның ішкі құрылысымен виртуалды түрде таныса алады. Анатомиялық үстел адам ағзасын түрлі қырына және әр мүшесін жеке-жеке көруіп, тіпті операция жасауға да мүмкіндік береді,-деп жазады khabar.kz
Мұнда бәрі де шынайы жағдайға ұқсас. Виртуалды анатомиялық үстелдің бір ғана тетігін басу арқылы адамның он екі мүшесі мен алпыс екі тамырын көріп, тіпті етті сүйектен ажыратуға да болады. 3D форматындағы анатомиялық бейнелер тірі адамның көшірмесінен жасалған. Виктор Риклефс, ҚММУ практикалық дағдылар орталығының директоры  -Бұл форматтағы кескіндер адамның ішкі құрылысын, қан айналым жүйесін, әрбір органның орналасуын, қалай жұмыс істейтінін толықтай көрсетеді. Арнайы қуыршақтар немесе мәйітпен кез келген жерді кесіп, бұлай қарай алмайсың.  Озық технологияның жетістігі арқылы патологиялық үрдістерді де оқып-білуге мүмкіндік бар.   Мәселен, витруалды үстел миға қан құйылу барысын шынайы түрде көрсетіп жатыр. Мұнда бірінші курс студенттері анатомиядан дәріс алады.  Ал болашақ хирургтар виртуалды түрде операция жасап, тәжірибе жинақтауда.   Серік Патен, 5-курс студенті -Болашақ хирургтарға өте көп пайдасын тигізеді. Өйткені визуалды көре отырып, қай анатомиялық органның қай жерде екенін, қандай оған кіру жолдары бар екенін көреміз. Болашақ хирург ретінде бізге өте қажет.  Жаңа технологияның жетістігі болашақ дәрігерлердің білімін шыңдауға таптырмас мүмкіндік сыйлап отыр.  Өйткені виртуалды анатомиялық үстелмен кез келген дәріс қызықты өтеді. Сондықтан мамандар келешекте оқу құралдарының орнын электронды дүниелер алмастыратынын айтады.  

Пікір: 0
Пікір қосу