» » Ел премьер-лигасында чемпиондық атаққа талас қыза түсті

Ел премьер-лигасында чемпиондық атаққа талас қыза түсті

Ел премьер-лигасында чемпиондық атаққа талас қыза түстіЕл премьер-лигасының 29-шы турынан кейін чемпиондық атаққа талас қыза түсті. Топ бастаған «Қайрат» «Атыраумен» ұпай бөліссе, алматылық команданы өкшелеп келе жатқан «Астана» «Ордабасыны» ұтты,-деп жазады khabar.kz
Есеп – 2:1. «Ақтөбе» 3:2 нәтижесімен «Ертісті» жеңді. Турнир кестесінде «Қайрат» пен «Астана» арасын бес ұпай ғана бөліп тұр.  Елордалықтар бір ойын кем өткізгенін айта кетейік. 30-шы турда екі мықты Алматыда жолығады.  «Ақтөбе» мен «Ордабасы» үздік үштікке таласып келеді. 

Пікір: 0
Пікір қосу