ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды,-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Дариға Назарбаева бұдан бұрын ҚР Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары болған болатын.
Ал бұрынғы вице-премьер Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Қостанай облысына Архимед Мұхамбетов басшылық жасайтын болады.



