Елбасы жеделхатта Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен. "Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның - Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін", - делінген құттықтауда.
Қазақстан Президенті сондай-ақ Геннадий Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.



