Шетелдік ақпарат құралдары жерлесімізге үлкен сүйсіпеншілік білдіруде. Нью-Йорктегі меншікті тілшімізге берген сұхбатында АҚШ-тың белгілі спорт шолушысы Майкл Вудс Геннадийді «Қазақстанның лайықты тұлғасы» деп атаған. Шетел журналистері Геннадий Головкинге туған жеріне байланысты жиі сұрақ қояды. Оларды шебер боксшының Ресей немесе Украина емес, Қазақстан намысын қорғап, рингке шығуы қызықтырады. Алайда, бұның себебі құпия емес. Геннадийдің туған жері – Қазақстан. Кең байтақ қазақ жерінде оның ата-анасы тұрады. Қарағандылық боксшы өз Отанын сүйеді. Боксшының жауабына риза болғандардың қатарында АҚШ бокс қауымдастығының шолушысы, спорт журналисі Майкл Вудс та бар. Майкл Вудс, АҚШ бокс қауымдастығының вице-президенті: - Өзіміз қалам тербейтін спортшылар туралы жеке пікірімізді білдірмейміз, әдетте. Бірақ Геннадий Головкин маған ұнайтынын айтпасқа болмайды. Қазақстандық боксшы жайында зерттеп-білгенімнен оны нағыз тұлға деп мойындаймын. Өте бауырмал, қарапайым және қамқор әке. Қазақстанның намысын қорғап жүрген сыйлы азамат. Головкинге қарап, қазақстандықтар жайлы жақсы пікір қалыптасты. Ол елінің бокстағы мақтанышы. Кезекті жекпе-жекте Геннадий Головкиннің жеңіске жететініне сенімдімін. Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында Геннадий Головкиннің айтқан сөздері көпшіліктің есінде. Қазан айына жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе-жегі әйгілі спортшының Отанына деген қызығушылықты арттырары сөзсіз.
- 6 қазан 2015 ж.
- 114
Майкл Вудс: Головкин Қазақстанның намысын қолдан бермей келеді