» » Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

Тараз. Zhambylnews -Т. Рысқұлов ауданында  "Жұмыспен қам­ту және тұрғындар табысы” бағыты бойынша облыстық сарап­шы топ мүшелерінің көшпелі отырысы болып өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Жиынды білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымы­ның төрайымы, "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, са­рапшы топ жетекшісі Гүлсін Орынбаева ашып, жүр­­гізіп отырды. Отырыста облыстың бірқатар аудан­­да­рында халықты жұ­мыс­­пен қамту мәселелелері әң­­­гіме өзегіне айналып, жиын­ға қатысқан қаржы ұйым­дарының, кәсіпкерлік па­­ла­та­ның, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері өзара пікір алмасып, өзекті мәселе төңірегінде ой өрбітті.
Басқосуда Т.Рысқұлов ау­да­ны әкімінің орынбасары Бей­сенбек Әлпейісов, Меркі және Шу аудандарының жұ­мыс­пен қамту және әлеуметтік бағ­­дарламалар бөлімінің бас­шы­лары Шорман Әбіл­қа­сымов пен Гүлмира Ке­рім­бае­ва өз аудандарында бұл салада ат­қа­ры­лып жатқан жұмыстар жө­нін­де егжей-тегжейлі баян­да­ды.
Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әшімәліұлы ауыл тұрғындарын банктер арқылы несиелендіру жөнінде кепілдік,  мүліктің төмен бағалануы проб­­лемаға айналып отыр­ған­дығын айтып, Елбасы тап­сыр­­масына орай, мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтарды жұмыспен қам­ту мәселесіне тоқталды.
– Сарапшылар тобы көш­пелі отырысының мақ­­­­саты, - деді жиынды қо­ры­­тындылаған Гүлсін Ра­­қым­­жанқызы, - сіз­дердің ұсы­­­ныс-пікір­ле­­рі­ңізді талдап, ха­­лықты жұ­­мыс­пен қамту те­ті­гін же­тіл­ді­ре түсу жөнінде үкі­мет­­ке нақ­ты ұсыныстар енгізу бо­лып табылады. Осы тұр­ғы­дан алып қарағанда мұндай бас­қо­сулар өз жемісін береді деп ой­лай­мын.
Иә, бүгінгі таңда белгілі бір кәсіппен айналысамын де­­ген адамға мемлекет та­ра­­­пынан жан-жақты жағ­дай жасалынған. Тек қа­на іс­тің көзін таба білу ке­рек. Қар­жыландырудың те­ті­гін дұрыс таңдау қажет. Ал, мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тар­ды жұмыспен қамту – әрбір жұ­мыс берушінің азаматтық, қала берді имани парызы болса ке­рек.
«ZhambylNews» АА



Пікір: 0
Пікір қосу