» » Аймақта ұсақ мал саны өсіп келеді

Аймақта ұсақ мал саны өсіп келеді

Тараз. Zhambylnews -Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айында шаруашылықтың барлық санаттарында тірідей салмақпен  62 мың тонна мал және құс еті өндірілді немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады. Бұл туралы облыстық Статистика Департаменті хабарлайды.
Сауылған сүт 4,8 мың тоннаға (2,5%-ға) кеміп, 195,3 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстарғанда өндірілген жұмыртқа 7347 мың данаға (0,9%) көбейді.
2015 жылғы қаңтар-тамызда әр сауын сиырдан сауылған сүт орта есеппен 1865 кг-ды, ал әр мекиен тауықтан алынған жұмыртқа 118 дананы құрады.
2015 жылғы 1 қыркүйекке шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал санын өткен жылмен салыстырғанда ірі мүйізді мал 2,5%-ға (8,3 мың басқа), қой мен ешкі 1,6%-ға (45,9 мың басқа), жылқы 3,6%-ға (3,8 мың басқа) көбейді, ал шошқа 5,2%-ға (1842 басқа), құс 10,3%-ға (128,8 мың басқа) азайды.
Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында 110,2 мың бас бұзау, қозы мен лақ 1107,1 мың бас, торай 41,6 мың бас, құлын 33,7 мың бас алынды .
2015 жылғы қаңтар-тамызда талдау жасалы отырған кезенде облысымыздың барлық санаттағы шаруашылықтарында 167 бас ірі мүйізді мал (өткен жылғы деңгейге 140,3%), 3317 бас –қой мен ешкі (49,8%), 122 бас - жылқы (2,5есе) өлім - жітімге ұшырады.
Мал мен сүттің негізгі бөлігін өндіру тұрғын халықтың жеке үй шаруашылықтарының үлесінде қалып отыр. Олар облысымызда өндірілген барлық еттің – 72,1%-ын, сүттің -83,4%-ын, жұмыртқаның – 62,0%-ын.
2015 жылғы қаңтар-тамызда облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағалармен 75754,2 млн. теңге немесе 2014 жылғы сәйкес кезеңдегімен салтыстырғанда 104% құрады.
«ZhambylNews» АА





Пікір: 0
Пікір қосу