» » Аймақтағы сауда айналымы 37932, 9 млн. теңгені құрады

Аймақтағы сауда айналымы 37932, 9 млн. теңгені құрады

 Аймақтағы сауда айналымы 37932, 9 млн. теңгені құрадыТараз. Zhambylnews –Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында  облысымыздағы сауда кәсіпорындары, базарлар саудасы және сервистік қызметпен шұғылданатын кәсіпорындардың сауда айналымы 37932,9 млн. теңгені құрады. Бұл туралы облыстық Статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
         Осы кезеңде бөлшек саудадағы (жеке тұлғалар мен базарларды қоса есептегенде) тауарлар айналымы 108158, 5 млн. теңгені құрап, 2014 жылдың осы кезеңімен cалыстырғанда салыстырмалы бағамен 6%-ға көбейді. Тауарлар айналымының жоғарылауына жеке кәсіпкерлер мен базарда саудамен айналысатын жеке тұлғалардың сауда көлемінің өсуі (8,4%-ға) әсерін тигізді.
          Саудамен ресми айналысатын сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар айналымының көлемі 43475,6 млн. теңгені құрайды. Жалпы бөлшек тауар айналымында орта кәсіпорындардың үлес салмағы 24,2% (10518 млн. теңге), шағын кәсіпорындардікі – 51,9% (22549,8 млн. теңге), ірі кәсіпорындардікі – 23,9% (10407,8 млн. теңге) көлемінде болды.
         2015 жыл басынан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен базарлардағы сауданың көлемі 64682,9 млн. теңгені (59,8% жалпы бөлшек тауар айналымында) құрады.
         Тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық өнімдерді сату көлемі көтерме саудада 123691,8 млн. теңгені (52% жалпы сауда және қызмет көрсету көлемінде) құрап, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға төмен болды. 
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу