
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы 8 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағына келесі өндірушілер мен атаудағы тамақ өнімдерін әкелуге және өткізуге уақытша шектеу енгізілді: - Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, «Хохланд» Руссланд ЖШҚ өндірген әртүрлі дәмі бар «HOCHLAND» балқытылған ірімшігі; - Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, «Преображенский» ЖШҚ МК өндірген әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігі; - Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, «Кампина» ЖШҚ өндірген йогурт сусындары; - Қырғыз Республикасында өндірілген Шаруа сары майы; - Ресей Федерациясы, Орлов облысы, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген «Славянские қант қосылған қойылтылған кілегей» құрамында сүт бар қойылтылған өнімі; - Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ өндірген сосиска өнімі; - Ресей Федерациясы, Кемерово қаласы, «КДВ Кемерово» ААҚ өндірген «Яшкино» сауда белгісінің «Шоколайт» және «Голландские» вафлиі. Шешім ағымдағы жылғы 8 айда жүргізілген зертханалық зерттеулерді талдау нәтижелері бойынша қабылданды, микробиологиялық көрсеткіштер бөлігінде және ашытқылар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық регламенттердің гигиеналық көрсеткіштерін бірнеше рет бұзу фактілері анықталды.