» » «Жас жұбайлар шеруі» акциясы өтті

«Жас жұбайлар шеруі» акциясы өтті

«Жас жұбайлар шеруі» акциясы өтті Тараз. Zhambylnews – ҚР Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне орай «Жас жұбайлар» шеруі өтті.
Шараны ұйымдастырған- «Жамбыл облысы саясаткер әйелер клубы» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығы», «Нұр Отан» партиясы облыстық  филиалы, облыс әкімдігінің жанындағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі  комиссия Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласы әкімдігі.
Жас жұбайлар «Мендельсон» маршымен аллеяға төселген қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.  
Тараз  қаласы  әкімінің  орынбасары  Маржан Қожаева, Жамбыл  облысы  маслихатының  депутаты, Іскер  әйелдер  қауымдастығы төрайымы  Гүлдара Нұрымова жас жұбайларға ізгі тілектерін  білдірді.
Жас жұбайлар ортаға шығып, өз  тілектерін  айтты.
 «ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу