Қытайлық ерлер дүниеге сәби әкелген әйелі мен сол жаңа туылған нәрестені бағып-қағу үшін жұмыстан демалысқа шыға алады. Бұл жаңа заң қаңтардан бастап күшіне еніп, Гуандун првинциясы жуырда ғана балалы болған әкелерді 15 күндік демалысқа жіберуді бастап кетті,- деп хабарлайды 24.kz cri.cn сайтына сүйеніп. Қазір бұл үрдісті жалғастыру мүмкіндігін Бейжің билігі де қарастыруда. Ал халық өкілдерінің жиналысы бала күтіміне байланысты әйелдерге берілетін демалыс күндерін көбейтуді көздеуде.




