» » Қазпошта: «Аяз Атаға хат жаз» акциясы басталды

Қазпошта: «Аяз Атаға хат жаз» акциясы басталды

Қазпошта: «Аяз Атаға хат жаз» акциясы басталды«Қазпошта» АҚ 20 желтоқсанға дейін жалғасатын «Аяз Атаға хат жаз» науқанының басталғанын хабарлайды,-деп жазады ҚазАқпарат
Қазіргі таңда барлық облыстық орталықтардың поштамттарында, сонымен қатар Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының «Мега» сауда ойын-сауық орталықтарында Аяз Атаға хат жіберуге арналған жәшіктер орнатылған.
«Өткен жылы біз әртүрлі өтініш жазылған мыңдаған хат қабылдадық. Біреуі жаңа смартфон сұраса, басқасы көптен бойы кәмпит жемегенін жазады. Балалармен қатар, киім мен тағам өнімдерін сұрайтын зейнеткерлер де хат жазады. Спонсорлардың көмегімен және өзіміздің күшімізбен, балалар мен басқа да ниет еткен адамдардың армандарын орындаймыз. Осы жылы, қолдау өтінішіне «Казахинстрах» СК, Beeline Kazakhstan, «OYLA» журналы және «Alina Paint» атсалысты. Сонымен бірге, өңірлердегі кіші және орта бизнес өкілдері көмек беруде. Біреудің арманын орындап, Жаңа жыл алдындағы сыйқырдың бар екенін дәлелдеу - біз үшін өте жағымды іс» - деді «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов.
20 желтоқсанда хаттарды қабылдау тоқтатылады. Барлық хаттар «Қазпошта» АҚ бас кеңсесінде жиналып, сұрыпталғаннан соң, серіктестер мен компания өкілдерінен тұратын арнайы комиссия сыйлықтарды таңдайды. Біріншіден сыйлықтарды әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған, табысы аз тұрғындардың балалары, жетімдер алады.
Хаттар өңделгеннен кейін, сыйлықтар еліміздің өңірлеріне және филиалдарға жіберіледі. Сыйлықтарды Аяз Ата мен Қаршақыз болып киінген компания мен серіктестердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері тапсырады.
Сыйлықтармен бірге Аяз Атаның құттықтау сөздері жазылған әдемі хаттар табысталады. Ол үшін балалар өз мекенжайын жазуды ұмытпау керек.



Пікір: 0
Пікір қосу