» » Қытай қан тамырларын жасап шығаратын 3D техникасын таныстырды

Қытай қан тамырларын жасап шығаратын 3D техникасын таныстырды

Қытай қан тамырларын жасап шығаратын 3D техникасын таныстырдыҚытайдың «Ревотек» компаниясы әлемдегі бірінші қан тамырларын жасап шығаратын 3D принтерін таныстырды. Бұл технология бойынша 2 минуттың ішінде 10 сантиметрлік материал алуға болады. Аппараттың негізгі жүйесі Био-Брик деп аталады,-деп жазады 24.kz
Осы жерге тін жасушалары салынады да, белгілі бір шарттарда дәрігерге қажетті жасушаны береді. Сонымен қатар медициналық 3D принтердің тағы бір ерекшелігі жасушалардың бөлінуі мен жіктелуі кезінде барлық тіндердің белсенділігі сақталады. «Бұл жаңалық медицина ғылымына жаңа серпіліс береді, бірақ тәжірибеде қолдану үшін әлі де жетілдіру қажет», - дейді Қытай ғалымдары. Дай Кэжун, Қытай инженерлік академиясының академигі: - Біз тек қан тамырларын бастырып шығару емес, жасушаларды өлтірмей басқа да белсенді заттарды сақтап қалуға тырысып жатырмыз. Бұл әдіс өз жемісін берсе, өте ұсақ тамырларды ғана емес, бауыр, бүйрек басқа да ағза мүшелерін жасай аламыз.



Пікір: 0
Пікір қосу