Таразда өзін өзі өртеп жіберген Ерлан Бектібаевтың туыстары жас жігітті өлімге итермелегендерді жазалауды талап етуде. Бұл туралы Informburo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.«Ол маған: «Түрмеге бармаймын. Одан да өлгенім жақсы», – деді. Болды. Мұның бәрі амалсыздан, түсінесіз бе, амалдың жоқтығынан. Оны қорқытып тастаған. Ал барлығы неден басталды? Мұнда 7 мамыр күні Райымбаевты өлтіріп тастады. Міне, сол Райымбаевтан басталды. Полиция аудандағы барлық жігіттерді алып кетіп, тексерді. Содан соң, біздің баланы өлімге кінәлі етіп шығарды», – дейді Ерланның тәтесі Катерина Исраилова.
Данияр Райымбаевты осы жылдың басында атып өлтірген. Полицейлер оның өліміне кінәлі адамдарды әлі тапқан жоқ. Ал туыстарының айтуынша Ерланның бұл қылмысқа мүлде қатысы жоқ. Бұл кезде оны ұрлық жасағаны үшін Алматыдағы СИЗО-да ұстап отырған.
Бүгін мәйітханадан марқұмның денесін туыстары Шымкентке алып кетті. Жерлеу рәсімі сол жерде өтеді.



