» » «Бақытты отбасы - Ел тірегі» атты облыстық байқау өтті

«Бақытты отбасы - Ел тірегі» атты облыстық байқау өтті

«Бақытты отбасы - Ел тірегі» атты облыстық байқау өттіТараз. Zhambylnews - Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы - Ел тірегі» атты облыстық байқауы өткізілді.
Шара отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, қазіргі жас отбасылардың мәртебесін көтеру, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өнегелі, сапалы тәрбие беруге жағдай жасау, ұлттық салт-дәстүрімізді, туыстық байланыстарды қайта жаңғырту, дамыту және бекемдеу, жас отбасылардың қазіргі жағдайдағы белсенді әлеуметтік көзқарастарын қалыптастыруға бағытталды.
Аталмыш байқауға Тараз қаласы мен ауданда іріктеуден өткен  29 жасқа дейінгі заңды некеге тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары жас отбасы ретінде өтініш беру арқылы қатысты. Үміткерлер «Шығармашыл отбасы», «Татулығы жарасқан отбасы», «Көп бабалы жас отбасы», «Тапқырлы отбасы», «Еңбекқор отбасы», «Көрермендер көзайымы» номинациялары бойынша («Сәлемі жарасқан отбасы», «Өнерлі отбасы», «Тарихы терең қазақ елі», «Жігітке жеті өнер де аз» кезеңдері) сыңға түсті.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Абдировтер отбасы (Жамбыл ауданы) иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Тұрмаханбетовтар отбасы (Шу ауданы) мен Ашимбековтер отбасы (Меркі ауданы) өзара бөлісті.
Байқауға қатысқан үміткерлер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу