» » Жамбыл облысында тәулігіне 40 тонна ет өндіретін комбинат ашылады

Жамбыл облысында тәулігіне 40 тонна ет өндіретін комбинат ашылады

Тараз. Zhambylnews - Жамбыл ауданы сонау кезден-ақ мал және егін, бау-бақша дақылдарын өсіруді кәсіп еткен. Ауданның өндірістік-экономикалық даму қарқынының артықшылықтарына оның қалаға таяу орналасуы игі әсер етіп келеді.
Жамбыл ауданында ағымдағы жылы тәулігіне 40 тонна ет өндіретін "Оңтүстік Халал Тағамдары" комбинаты ашылады. Бектөбе ауылында орналасқан комбинат "Халал" тағамдар стандартына сәйкес келетін ет өнімдерін шығармақ. Зауыт  өз жұмысын бастаған кезде 153 адам жұмыспен қамтылады.  Кәсіпорын құрылысына 2560 млн. теңге қаржы жоспарланған. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмысының 85-90 %  аяқталған. Комбинаттың құрал-жабдықтары қыркүйек айында Қытай елінен әкелінбек.
Ауданда ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу қарқын алып келеді. "Амангелді" шаруа қожалығы 72 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен пияз еккен. Шаруашылық басшысы Қасымхан Қанаевтың айтуынша, егістіктің әр гектарынан 120 тонна өнім алу жоспарлануда.   
 
 
 
 
 

Ал "Сады Востока" ЖШС 2015-2017 жылдар аралығында 60 гектарға интенсивті алма бағын, 40 гектарға жеміс ағаштары питомнигін және 17 гектарға жеміс-жидек дақылдарын егуді жоспарлауда. Бүгінде серіктестіктің 24 гектарға интенсивті бақ отырғызуға арналған өтініші «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы мақұлданды. Польша мемлекетінен вируссыз алма көшеттері алынып, отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 132,9 млн. теңгені құрайды,  20-35 жұмыс орны ашылатын болады.
 

Сондай-ақ аудан аумағынан "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің айналмалы жол бөлігі өтеді. Анығын айтқанда транзиттік дәліз Айшабибі, Қаратөбе, Полатқосшы, Аса, Көлқайнар, Жамбыл және Гродеково ауылдық округтері аумағындағы жер учаскелерінен өтеді. Жол құрылысының техникалық қадағалаушысы қытайлық Лео Упалидың айтуы бойынша жол сапалы жүргізілген. Айналмалы жол бөлігі тамыз айында пайдалануға берілді. 
 
 
 


Панельді үйлер шығаратын «БиномСтройДеталь» ЖШС панельді үйлер шығаратын тұрғын үй құрылыс комбинаты зауыт құрылысына 500 млн теңге қаражат жоспарланған. Болашақта мұнда жылдық қуаты 19,5 мың метр куб қабырға панельдері  шығарылып, 35 мың шаршы метр панельді үйлер салынатын болады.
 
 
 
 

 

Ауданда бірнеше әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, тұрғындарды қуанышқа бөлеуде. Білім күні 583 тұрғыны бар Еңбек ауылында 120 оқушыға арналған «Еңбек» орта мектебі ашылды. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания – «ТаразСтрой-2004» ЖШС. Нысанның жалпы сметалық құны – 439, 278 млн. теңге. Жаңа мектепте 19 оқу кабинеті, спорт және мәжіліс залдары, асхана, т. б. бөлмелер бар.
 
 
 
 
 
Бесағаш ауылының кішкентай бүлдіршіндері Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі қарсаңында үлкен қуанышқа бөленді. Өйткені осында 75 балаға арналған «Күншуақ» шағын орталығы салтанатты түрде ашылды.
 
 
 
 

 

Жалпақтөбе ауылының тұрғындары тағы бір қуанышқа кенелді. Мұнда күніне 100 адам қабылдай алатын жаңа алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсететін орталық  пайдалануға берілді. Екі қабаттан тұратын ғимарат  1348,33 шаршы метр жерді алып жатыр. Емхана толықтай заманауи құралдармен жабдықталған. Құрылыс республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп, жалпы  сметалық құны –250068 мың теңге теңгені құрады. Бас мердігері – «ШАРХ» ЖШС.  Жаңа емхана ғимаратында медициналық қызметкерлерге де, ем алушыларға да барлық жағдай жасалған. Егу, алдын ала егу, терапевт, педиатр,  акушер, зертхана т.б. кабинеттері мен күндізгі стационар да бар. Жалпы, Жалпақтөбе ауылында  9850 тұрғын бар. Аталмыш медициналық мекемеде 7 дәрігер, 30 орта буынды қызметкер қызмет көрсетеді.  
«ZhambylNews» АА
Автор: Шынар Қайратқызы


Пікір: 0
Пікір қосу