Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршасы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.Жыл сайын республика бойынша Қазақстан Республикасы Президенті атынан балаларға арналған Жаңа жылдық шырша өткізіліп келеді.Республика бойынша Жаңа жыл мерекесіне қатысушылардың жалпы саны 3500 баланы құрайды. Жамбыл облысы бойынша Президенттік жаңа жылдық шыршаға барлығы 200 бала қатысты.
Облысымызда ұйымдастырылып отырған Президенттік жаңа жылдық шыршаға Тараз қаласы мен әрбір ауданнан 9 баладан қатысты, олар аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, облыстық мектеп-интернаттарда оқитын балалар.
Жалпы Жаңа жыл мерекесіне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 56 бала, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан 67 бала, толық емес отбасынан 52 бала және 25 ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қамтылды.Іс-шараға 14 ұлт өкілдерінің балалары қатысты.
Тараз қаласының «Баласағұн» ОКЗ-да Қазақстан Республикасы Президентінің шыршаға қатысушыларды бейнеқұттықтауы мен бірге үздік балалар шығармашылық ұжымдарының театрландырылған қойылымы көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Президенті атынан әр балаға Елбасының құттықтау хаты, ноутбук, жұмсақ ойыншық, тәтті сыйлық берілді.
Балалар мерекенің басты кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақармен және мерекеге келген құрметті қонақтармен бірге Жаңа жылдық шыршаны айналып, ертегі кейіпкерлерімен бірге Ұлы Жібек жолымен саяхат жасады.
Сонымен қатар Президенттік шыршаға қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияны аралады, облыстық қазақ драма театрында жаңа жылдық театрландырылған қойылымдарды тамашалады, «Қазақ хандығы» монументіне барды, «Тараз-Арена» спорт кешенінде болды.




