» » Қордай аудандық соты тоғыз айдың жұмыс қорытындысын шығарды

Қордай аудандық соты тоғыз айдың жұмыс қорытындысын шығарды

Қордай аудандық соты тоғыз айдың жұмыс қорытындысын шығардыТараз. Zhambylnews -  Қордай аудандық соты 2015 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді,-деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Іс-шараға аудандық сот төрағасы С.Тұрғынбаев, «Қордай шамшырағы» және «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің тілшілері қатысты.
   2015 жылы тоғыз айында  сотпен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау мәселесі қатаң жолға қойылған. Өткен төғыз айда Қордай аудандық сотымен 275 тұлғаға қатысты 253 қылмыстық іс,  1007 азаматтық іс және 1261 әкімшілік іс қаралған. Сондай-ақ, «Сот кабинет» сервисі арқылы жолданатын және қабылданатын электрондық құжаттар туралы ақпарат берілді. 2015 жылдың тоғыз айында «Сот кабинет» сервисі арқылы 983 талап арыз және 130 әкімшілік іс түскен.
   Сот төрағасы  сот жүйесінің деңгейін одан әрі  алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігі атап өтті. 
   Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы  БАҚ өкілдерінің  сұрақтарына жауап берді.
 
 «ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу