» » Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер ант қабылдады

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер ант қабылдады

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер ант қабылдадыТараз. Zhambylnews - Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент атындағы саябақта Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне орай, мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан орналасқан азаматтардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
20 мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекетке адал  қызмет етуге ант берді.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын атап өту, мемлекеттік қызметтің кәсібилігін нығайта отырып, жағымды имиджін қалыптастыру, мемлекеттік аппаратқа қоғамның сенімін нығайту, азаматтарды адал қызмет етуге баулу, бірінші институционалды реформаны насихаттау.
Салтанатты шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Қожабаев ашып, өз сөзінде жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттің өркендеуі жолында жұмыс атқаруда барлық күш-жігерді, білім  мен біліктілікті пайдалануға шақырды. 
Салтанатты түрде ант қабылдаған 20 мемлекеттік қызметші өздеріне жүктелген міндеттерді сезіне отырып,  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының Президентінің саясатын қолдауға , халық игілігі жолында адал жұмыс атқаруға міндеттелді. Соңынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалды.
Сонымен қатар, Департаменттің екі қызметкері «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталып, қызметінде жоғары жетістіктерге жеткен 
6 қызметкер Департамент басшысының грамотасын алды.  
 
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу