» » «Көркем шығармадағы тарихи шындық» әдеби кеші өтті

«Көркем шығармадағы тарихи шындық» әдеби кеші өтті

«Көркем шығармадағы тарихи шындық» әдеби кеші өттіТараз. Zhambylnews -Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту орталығындағы емделушілер арасында   «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  «Көркем шығармадағы тарихи шындық» атты әдеби  кеш өтті.  
         Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұймдастырылған шараның мақсаты - шығармалардағы XV – XIX  ғасырдағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру, тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп,  ұлттық сананы қалыптастыру, еліне, халқына адал кызмет етуге тәрбиелеу.   
         Кеш барысында «Көшпенділер» , «Батыр Баян» киносынан үзінділер көрсетілді.  «Батыр Баян» киносында  басты ролді  сомдаған облыстық  театр және кино актері Жұмахан Әбдіқадыров тарих және өзі жайында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, оңалушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
 
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу