Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев Байзақ және Меркі аудандарында өткен "Егінжай-2015" семинар-кеңесіне қатысты.
Семинар-кеңестің басты тақырыбы-"Жамбыл облысының агрокешенінде жаңа технологияларды қолдану және енгізу.
Жиынға қатысушылар су тапшылығы және жетіспеушілігі жағдайында тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясын қолдану арқылы мол астық алуға болатынына көз жеткізді.
Жалпы алғанда, өткен жылы жамбылдық шаруалар 4281 гектар жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісін қолданды, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 2881 гектарады құраған болатын.
Жұмыс күні барысында ауданның шаруа қожалықтары аймақ басшысын агрокешенді дамытудағы жаңа технологиялармен таныстырды. "Шарипов" және "Талап" қожалықтары көкөніс және қызылша өсіру саласына жаңа технологияны енгізу және қолдану тәсілдерінің тиімділігін түсіндірді .
Сондай-ақ, бүгінде 55 гектар жерді тамшылатып, 400 гектар жерді жаңбырлатып суаратын "Сыпатай батыр" ЖШС да өз жұмысымен таныстырды. Мұнда облыс әкімі комбайн жүргізіп, астық жинау жұмысына қатысты. Шаруа қожалығының астық егетін аумағы 100 гектардан аса жері құрайды.
Семинар-кеңес барысында аймақтың ауылшаруашылық өндірушілері мен екінші деңгейлі банктер арасында құны 780 млн. теңге болатын келісімге қол қойылды.


