«Заңға өзгерістер енгізілген жағдайда автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін алымға өзгерістер енгізу және автокөліктерге экологиялық талаптарды бекіту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін алым 0,25 есептік көрсеткішті құрайды, бұл шамамен 500 теңге. Шара енгізілген жағдайда жаңа автокөліктерді тіркеу үшін алым бұрынғы баға, яғни 0,25 есептік көрсеткіш мөлшерінде қалады. Егер 1-3 жыл аралығындағы көліктерге қойылатын бір реттік алым 50 есептік көрсеткіш болса, 3 жылдан асқан көліктерге алым 500 есептік көрсеткішке жетеді. Ал автобустар мен жүк көліктеріне алым одан да қымбат болады. Бұл шара ДСҰ тарапынан рұқсат етілген балама ретінде енгізілмек. Бірқатар елде, нақтырақ айтсақ, Венгрия, Дания, Болгария мен тағы бірнеше елде бұл алым бар. Осы мемлекеттердің барлығында бір реттік алым көліктің шығарылған жылына қарай алынады. Заңға енгізілетін өзгерістің екінші мақсаты ұсталған көліктерді Қазақстанға әкелуді азайту», - дейді Альберт Рау.
- 13 қазан 2015 ж.
- 54
Ескі көліктерді тіркеу қымбаттайды – Альберт Рау