» » Азия чемпионатынан спортшыларымыз 13 медальмен оралды

Азия чемпионатынан спортшыларымыз 13 медальмен оралды

Азия чемпионатынан спортшыларымыз 13 медальмен оралдыСинхронды жүзуден қарағандылық спортшылар Бангкокте өткен Азия чемпионатында тамаша өнер көрсетті. Қазақстан құрамасының қатарында синхронды жүзу спорты бойынша 14 спортшы ел намысын қорғаған еді,-деп жазады 24.kz
Спорттың дәл осы түрінен ел қоржынына 13 медаль салынды. Олардың 11-і қарағандылық спортшыларға тиесілі. 5 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлде. Спортшылар жаз бойы күніне 7 сағаттан жаттығыпты. Әсіресе турнирдің ең жас қатысушылары – 12 жасқа дейінгі спортшылар ерекше көзге түскен. Оксана Москвичёва, жаттықтырушы: - Мен оларды ұзақ мерзім бойы жаттықтырып келемін. Қимылдарының ширақ, дәл болуына баса мән беремін. Жұмыс істеуге еттері үйреніп кеткен. Біздің қыздарға қарағанда, басқалардың қимылдары баяу болып көрінді. Біз алдымен Кореяны, сосын Қытайды жеңдік. Бұл әлемдегі ең мықты командалар.



Пікір: 0
Пікір қосу