
«Бұл жай ғана қорап емес», - дейді авторлар. Өйткені қағаздың астында электр жетегі бар бұл темір тұлпармен көшеде жүйіткуге де болады екен. Бірақ ол үшін зарядталған аккумулятормен қоса ауа райының ашық болуы шарт. Өйткені жаңбырдың астында қалған мұндай көлікпен алысқа ұзамайтыныңыз айтпаса да түсінікті.