» » ТарМУ жаңа студенттермен толықты

ТарМУ жаңа студенттермен толықты

ТарМУ жаңа студенттермен толықтыТараз. Zhambylnews - Студент атану өмірдің үлкен бір белесіне жаңа қадам басқанмен бірдей. Мұндай маңызды оқиғаны елеусіз қалдырмаған «Мәдениет және өнер» кафедрасының бірінші курс студенттері  «Алғашқы қадам» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Мерекелік кеш «Мәдениет және өнер» кафедрасының жанынан құрылған оқу театрында өтті. Салтанатты жиынға «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Бұл туралы ТарМУ баспасөз қызметі хабарлайды.
Бірінші курс студенттері ұйымдастырған концерттік бағдарламаны «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Ыбырайым Әзімхан ашып берді. Ол: «-Әрбір студент өзі білімге ұмтылмаса, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, ол өзгеге ештеңке үйрете алмайды. Сендер өз мамандықтарыңда үздік болуға ұмтылып, бәсекелестікке әзір болыңдар» – деп, университетке алғашқы қадам басқан студенттерге  құттықтау сөзін арнады. 
«Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері мерекелік кеш кезінде 1-4 курс студенттері «Мәдени тынығу-жұмысы»  мамандығының  президенті етіп Абзал Медетбекті сайлады. Абзал білікті де, білімді маман болып,  киелі шаңырақта, оқу театрына кір келтірмей әлі де талай іс-шараларды ұйымдастыратындығын жеткізді.
 Кештің ажарын кіргізген бірінші курс студенттері өте өнерлі жастар. Сахна төрінде Назерке Алибай  әдемі әнін әуелетсе,  «Сұңқар би» тобы мың бұрала биледі. Жоламан мен Фатима жүректі тербей өлең оқып, актерлік шеберліктерін де танытты. Сонымен қатар, кеш  кезінде «Күлтегін» жырынан көрініс көрсетілді.  Мерекелік іс-шара Темірлан Ақылбектің «Помолимся за родителей» әнімен аяқталды.
 «ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу